Серік Шәпкенов Атырау облысының әкімі лауазымынан босатылды

0 169

Мемлекет басшысының Жарлығымен Серік Жамбылұлы Шәпкенов Атырау облысының әкімі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Серік Шәпкенов 1979 жылы 29 шілдеде Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданында дүниеге келген. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «экономист-математик» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын жоғары оқу орнында оқытушы болып бастап, кейін Батыс Қазақстан облысы әкімдігі құрылымдарында, экономика және бюджеттік жоспарлау, қаржы, ауыл шаруашылығы салаларында түрлі басшылық қызметтерді атқарған.