«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында «Мұғалім» драмасы сахналанды

0 47

Асқар Тоқпанов атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрында «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында «Мұғалім» драмасы сахналанды.

Жас драматург Қолғанат Мұраттың бұл драмасы қазіргі қоғамдағы мектеп басшылары мен мұғалім, мұғалім мен оқушы, мұғалім мен ата-ана, сондай-ақ ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастар бүгінгі күннің өзекті мәселелері ретінде шынайы суреттейді. Қойылымда білім беру ұйымдарындағы жауапкершілік, өзара сыйластық, тәртіп пен адам құқығын құрметтеу мәселелері кеңінен көрініс тауып, «Заң мен тәртіп» қағидаттарының маңызы ашып көрсетіледі.

Қойылымның қоюшы-режиссері Фархадбек Канафин, қоюшы суретшісі – Қазым Аманқосов.

Драманы қоюдағы мақсат — ел болашағы жас ұрпақты жан-жақты білімді де тәрбиелі етіп өсірудегі мектеп пен отбасының, мұғалімдер мен ата-ананың атқарар жұмыстары туралы қалың көпшілікке бағыт-бағдар беру, ой салу.