Енді қарызы бар адамның шоты толық бұғатталмайды

0 9

Борышкерлердің банк шотын толық бұғаттау тәжірибесі тоқтатылуы мүмкін, – деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі  Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Бекболат Молдабеков мәлімдеді.

Оның айтуынша, енді шектеу тек қарыз сомасына ғана қойылады. Яғни, борышкер шоттағы қалған қаражатты еркін пайдалана алады.

Әділет министрлігінің дерегінше, бұрынғы жүйеге қатысты азаматтардан көптеген шағым түскен. Қазіргі таңда жаңа тетік банктермен бірлесіп пысықталып жатыр.