Ақордада Моңғолия президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
Ақордада Моңғолия президенті Ухнаагийн Хурэлсухты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Мемлекеттер басшылары бір-біріне делегация мүшелерін таныстырған соң Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің әнұрандары орындалды.