Жыл басынан бері TazaQazBot чат-ботына жамбылдықтардан 300-ге жуық өтінім түсті
Жамбыл облысы тұрғындарының өтініштерін қабылдау және өңдеу бойынша Telegram желісіндегі TazaQazBot чат-боты арқылы белсенді жұмыс жалғасып жатыр. 2026 жылдың басынан бері онлайн платформаға 300-ге жуық өтінім түсіп, оның 96% орындалды, – деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Тұрғындардың басым бөлігі аумақтарды абаттандыру, жарықтандыру, жол жөндеу, көгалдандыру және заңсыз қоқыс орындарын жою мәселелері бойынша жүгінген. Барлық өтінім белгіленген мерзімде қаралып, бұл тұрғындар үшін қолайсыздықтарды барынша азайтуға мүмкіндік береді.
Цифрлық сервистердің басты артықшылықтарының бірі – үдерістердің ашықтығы. Пайдаланушылар өтінімдерінің мәртебесін әр кезеңде қадағалай алады, ал жұмыс аяқталғаннан кейін фотоесеп алып, орындалу сапасын бағалау мүмкіндігіне ие болады.
Барлық өтінім 21 санат бойынша бөлінеді – аумақтарды тазалау мен қоқыс шығарудан бастап, жол жөндеу, жарықтандыру, көгалдандыру және су айдындарын тазалауға дейін. Бұл өтінімдерді тиісті қызметтер арасында тиімді бөлуге мүмкіндік береді.
TazaQazBot цифрлық сервистердің тұрғындар мен мемлекет арасындағы өзара байланысты едәуір жақсартуға, мәселелерге жедел әрекет етуге, әкімдіктер жұмысының тиімділігін арттыруға және қала мен елде тәртіп орнатуда нақты нәтижелерге қол жеткізуге қабілетті екенін айқын көрсетіп отыр.
TazaQazBot – жайлы қалалық ортаны қалыптастыруға арналған тиімді құрал.