Ел тұрғындары наурыз айында қанша күн демалады?

0 166

Көктемнің алғашқы айында Қазақстанда екі мемлекеттік мереке қатар аталып өтеді – Халықаралық әйелдер күні және Наурыз мейрамы. 2026 жылдың наурыз айында мереке және демалыс күндерін қоса есептегенде ел азаматтары 13 күн демалады, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Елімізде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамы мемлекеттік мереке болып саналады. «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы заң» талаптарына сәйкес, мемлекеттік мереке күндері демалыс болып есептеледі.

2026 жылы 8 наурыз жексенбіге сәйкес келгендіктен, бұл демалыс күні 9 наурызға ауыстырылады.

Наурыз мейрамы 21-23 наурыз аралығында тойланады. 21 және 22 наурыз демалыс күндеріне (сенбі – жексенбі) сәйкес келгендіктен, қосымша демалыс күндері кейінгі жұмыс күндеріне ауысып, қазақстандықтар 21-25 наурыз аралығында ұзақ демалысқа шығады.

Бескүндік жұмыс аптасында наурыз айында 13 демалыс және 18 жұмыс күні болса, ал алтыкүндік жұмыс аптасында 9 демалыс және 22 жұмыс күні болады.