Ертең теледидар мен радио жұмыс істемейді

0 15

Ертең, 5 ақпан күні сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін Қазақстан аумағында телерадио хабарларын тарату уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

«Қазтелерадио» жоспарлы профилактикалық жұмыстардың жүргізілетінін мәлімдеді.

«Жұмыстарды жүргізу кезінде «OTAU TV» спутниктік теледидары, эфирлік цифрлы және аналогтық телерадиохабар тарату, сондай-ақ деректерді беру және телефония қызметтерін көрсетуде уақытша үзілістер болуы мүмкін», делінген хабарламада.