2029 жылғы қысқы Азия ойындары Алматыда өтетін болды

0 8

Азия Олимпиадалық кеңесі 2029 жылы қысқы Азия ойындары Алматы қаласында ұйымдастырылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Синьхуа агенттігінің мәліметіне сәйкес, алғашында қысқы Азия ойындары Сауд Арабиясында өтуі керек болған.

Алайда өткен айда Сауд Арабиясының Олимпиадалық және Паралимпиадалық комитеті мен Азия Олимпиадалық кеңесінің бірлескен мәлімдемесінде жарыстың мерзімі кейінге шегерілгені белгілі болды.