Ғарыштан оқылған дәріс

0 193

2013 жылы Қытай тарихта алғаш рет ғарыштан мектеп оқушыларына тікелей сабақ өткізді. Бұл ерекше миссияны «Шэньчжоу-10» ғарыш кемесінің экипаж мүшесі, ғарышкер Ван Япин жүзеге асырды, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Ол 11 маусымда ғарышқа аттанып, 13 маусымда 330 оқушыға бейнебайланыс арқылы дәріс оқыды. Сондай-ақ 80 мыңға жуық орта мектепте, шамамен 60 миллионнан астам оқушы мен мұғалім телетрансляция арқылы дәрісті тамашалады.