8 сәуірге арналған ауа райы болжамы

0 206

Қазгидромет сейсенбі, 8 сәуірде Қазақстан тұрғындарын қандай ауа райы күтіп тұрғанын айтты, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Астанада бұлтты ауа райы сақталады. Кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, жылдамдығы 9-14 м/с болады. Ауа температурасы түнде 7-9°C, күндіз 17-19°C жылы болады.

Алматыда түнде өткінші жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Бұлтты болады. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, 3-8 м/с, түнде екпіні 18 м/с болады. Температура түнде 11-13°C, күндіз 21-23°C.

Шымкентте бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Жел батыс, солтүстік-батыстан 8-13 м/с. Түнгі температура 9-11°C, күндіз 24-26°C.

Ақмола облысында түнде және күндіз кей өңірлерде жаңбыр мен найзағай, тұман күтіледі. Көкшетауда түнде жаңбыр жауады. Температура түнде 4-9°C, күндіз 15-20°C.

Алматы облысының таулы аймақтарда жаңбыр, қар жауады. Коневте түнде өткінші жаңбыр, найзағай. Температура түнде 10-12°C, күндіз 22-24°C.

Жетісу облысының таулы өңірлерде жаңбыр мен қар. Талдыкорғанда түнде жаңбыр, күндіз 23-25°C.

Түркістан облысының тау бөктерінде жаңбыр, найзағай. Түркістанда жауын-шашынсыз. Күндіз 25-27°C.

Батыс Қазақстан облысында күндіз жаңбыр, найзағай. Оралда күндіз жаңбыр жауады. Күндізгі температура 18-20°C.

Атырау облысы: жауын-шашынсыз, күн жылы. Атырауда күндіз 22-24°C.

Маңғыстау облысы: Ақтауда түнде тұман. Күндіз 19-21°C.

Ақтөбе облысы: түнде кей өңірлерде жаңбыр, тұман. Ақтөбеде жауын-шашынсыз. Күндіз 18-20°C.

Қостанай облысы: жаңбыр мен найзағай. Қостанайда жауын-шашынсыз. Күндіз 16-18°C.

Солтүстік Қазақстан облысы: жаңбыр, тұман. Петропавлда күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз 13-15°C.

Павлодар облысы: жаңбыр, найзағай. Павлодарда күндіз жаңбыр. Күндіз 18-20°C.

Қарағанды облысы: жаңбырлы, бұлтты ауа райы. Қарағандыда күндіз 12-14°C.

Ұлытау облысы: жаңбыр, найзағай. Жезқазғанда түнде жаңбыр. Күндіз 17-19°C.

Шығыс Қазақстан облысы: жаңбыр мен найзағай, кей өңірлерде қатты жауын болады. Өскеменде күндіз жаңбыр. Күндіз 16-18°C.

Абай облысы: жаңбыр, найзағай, кей өңірлерде қатты жауын. Семейде жаңбыр жауады. Күндіз 18-20°C.

Қызылорда облысы: жауын-шашынсыз. Күндіз 22-27°C, Қызылордада 24-26°C.

Жамбыл облысы: таулы аймақтарда жаңбыр, найзағай. Таразда жауын-шашынсыз. Күндіз 23-25°C.