Қазақстанда жеке куәлік жасату құны өзгерді

0 202

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясынан хабарланғандай, 2025 жылдан бастап елде айлық есептік көрсеткіш 3932 теңгеге өсті, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Осыған байланысты мемлекеттік құжаттарды дайындау құны да өзгерді.

Төлқұжат жасату құны:

  • 24 парақ – 4 АЕК, яғни 15 728 теңге (16 жасқа дейінгі балалар үшін);
  • Қолданыстағы 36 парақ төлқұжат құны 8 АЕК яғни, 31 456 теңгеге өседі.
  • 48 парақ – 12 АЕК, яғни 47 184 теңге (ересектерге) болады.

Төлқұжат өтінім берген күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде дайындалады. Бірақ ел азаматтары қосымша ақы төлеп, төлқұжатты тезірек ала алады.

Жеке куәлік жасату құны:

Тұрғындар жеке куәлік жасату үшін 0,2 АЕК немесе 786,4 теңге төлеуі керек. Бірақ жеке куәлігін жоғалтып, бір жыл ішінде екі реттен артық жасатса, 1 АЕК немесе 3 932 теңге төлеуге мәжбүр болады.

Жеделдетіп әзірлеу:

Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалалары үшін: 1 жұмыс күнінде әзірлеп беру — 3 372 теңге, 3 жұмыс күнінде дайындап беру үшін — 1 771 теңге.

Облыс орталықтары үшін: 3 жұмыс күні — 3 372 теңге. 5 жұмыс күні — 1 771 теңге.

Аудандар мен облыс қалалары үшін: 7 жұмыс күні — 605,31 теңге.

Еске салайық, «2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет» туралы заңға сәйкес, биыл 1 айлық есептік көрсеткіш (АЭК) 3932 теңге болып бекітілді. Өткен жылы 1 АЭК 3692 теңге болған еді.