Жамбыл облысында 41 жолаушы эвакуацияланды

0 309

Жамбыл облысының Жуалы ауданы аумағында («Алматы-Ташкент» тас жолында) түнде жолаушылар автобусы бұзылып, тұрып қалған, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі. 

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше ТЖМ қызметкерлері ақаулы автобустан маңайдағы Шақпақ ата ауылының жылыту пунктіне 41 жолаушыны, оның ішінде 2 баланы эвакуациялаған. Жолаушылардың ешқайсысы медициналық көмекке мұқтаж болмаған.

Көбі Ресей азаматтары болып табылатын жолаушылар басқа автобуспен жолын жалғастырып жатыр.