Асу Алмабаевтың «UFC»-дегі рейтингі жоғарылады

0 173

Қазақстан намысын қорғап жүрген жекпе-жек шебері Асу Алмабаев (21-2) Лас-вегаста (АҚШ) өткен «UFC Fight Night 245» турнирінде бразиялиялық Матеус Николауды (19-5-1) жеңген соң рейтингі күрт өсті, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

«Sports.kz» жазғандай, жекпе-жек алдында Асу ең жеңіл салмақтағы файтерлер арасында 14-ші орында, ал оның бразилиялық қарсыласы 7-ші орында тұрған еді.

Бүгінгі жеңісінің арқасында Асу бразилиялықты кейінге ысырып, 7-ші орынға тұрақтады.

Айта кетейік, Асу Алмабаев «UFC» алаңында 4 кездесу өткізіп, төртеуінде де жеңіске жетті (біреуін уақытынан бұрын жеңіп, үшеуін төрешілер шешімімен). Бразилиялық Николаумен жекпе-жегінен соң ол Дана Уайттан тағы бір титул үшін жекпе-жек ұйымдастыруды сұрады.