Таиландта оқушылар мінген автобус жанып кеткен

0 369

Таиландың Бангкок қаласының маңында 40-тан астам оқушы мен мұғалімдер мінген автобус өртеніп кеткен, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі. 

Xinhua агенттігінің хабарлауынша, құтқарушыларға жергілікті уақыт бойынша шамамен 00:28-де автобустың отқа оранғаны туралы хабарлама түскен.

Хабарланғандай, автобуста 42-ге жуық жолаушы болған, олардың арасында мектепке дейінгі мекеменің оқушылары мен мұғалімдері де бар. Қызыл жалын салдарынан көптеген жолаушы зардап шеккен, тіпті қаза тапқандар да бар. 19 адам құтқарылды.