Дзюдошы Ғұсман Қырғызбаевқа жерлестері автокөлік сыйлап, ат мінгізді

0 381

Париж Олимпиадасының қола жүлдегері дзюдошы Ғұсман Қырғызбаевқа жерлестері сый-сияпат жасады, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі. 

Түркістан облысы дзюдо федерациясының мәліметінше, Темірлан ауылының тұрғындары Ғұсман Қырғызбаевқа автокөлік сыйласа, облыстық дзюдо федерациясының президенті Хамиддин Жарқынбеков федерация және өз атынан жылқы мінгізді.

Еске салайық, Ғұсман Қырғызбаев Париж Олимпиадасында дзюдодан 66 кг салмақ дәрежесінде бақ сынап, қола жүлде жеңіп алған еді.