Ғарышкер туристер жерге оралды

0 289

Үш әуесқой турист ғарышқа саяхатын 10 қыркүйекте бастаған еді. 1 400 шақырым биіктікке кө­те­ріл­ген саяхатшылар аман-есен жерге оралды, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Алғаш рет ақылы рейс арқылы ғарышқа ұшқан туристер Джаред Айзекман мен Сара Гиллис қызықты мәліметтер таптық дейді. Бұл туралы германияның «Bild» басылымы жазды. Осылайша, «Polaris Dawn» ғарыш кемесі ерекше миссиясын сәтті аяқтады. Олар өткен жексенбі күні Флориданың оңтүстігіндегі теңізге қонды. Алдағы уақытта саяхаттары туралы толық мәлімет береді.