Атқарылған жұмыс көп, шешімін күткен мәселе де аз емес
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен баспасөз мәслихатын өткізді. Баспасөз мәслихатына әр салаға жауапты орынбасарлары мен Тараз қаласының әкімі де қатысты. Облыс әкімі хабарламасын экономикалық өсімнен бастап, барлық саладағы атқарылған жұмыспен қатар, атқарылуға тиіс жұмыстардың не себепті орындалмағанына дейін баяндады. Шешімін күткен мәселелерде Ербол Шырақпайұлының назарынан тыс қалмады, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігінің тілшісі.
— Бүгінде тұрақты кездесулер өткізу және өңіріміздегі соңғы жетістіктер мен өзекті мәселелерді талқылау дәстүріміз бойынша атқарылған жұмыс нәтижелерімен, Мемлекет басшысының Жолдауы аясында алдағы жоспарларымен және өңірдің дамуы туралы ой бөліскенді жөн санадым. Әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларында өсім динамикасы байқалады.
Жыл басынан қысқа мерзімді экономикалық өсім 103,3 пайыз деңгейінде қалыстасып, (республика көлемінде 10,1 пайыз), құрылыс жұмыстарының көлемі 16, көлік — 10,6, байланыс — 8,5, ауылшаруашылығы — 4, тұрғын үй — 1,9, сауда — 0,3 пайызға артты. Жыл басынан 247,3 миллиард теңге инвестиция тартылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,3 пайызға артты.
Мемлекет басшысы алға қойған басты міндеттердің бірі – өнеркәсіпті дамыту және инвестиция тарту. Ағымдағы жылдың 7 айында өнеркәсіп өнімінің көлемі 494,9 миллиард теңгені немесе 96,7 пайызды құрады. Өндіріс көлемінің төмендеуінің негізгі себептері әлемдік нарықтағы бағаның 1145 доллардан 490 долларға дейін төмендеуіне байланысты минералды тыңайтқыштар өндірісінің қысқаруы, басқа елдерден арзанырақ өнімдерді әкелу есебінен қант өндірісінің төмендеуі болып табылады. Жыл соңына дейін алдымызда өндіріс көлемін арттыру міндеті тұр. Біз бұл өсімді «KORCEM» цемент өндіру зауыты, «Karatau Chemicals» пиросульфит өндіру зауыты және «Шатыркөл» байыту фабрикасы сияқты ірі өндіріс орындарын іске қосу арқылы жоспарлап отырмыз. Бүгінде «Қазфосфат» ЖШС-мен бірлесіп, өндірісті жаңғырту және өнім түрлерін кеңейту үшін инвесторлар іздеу жұмыстары аяқталуда.
Облыстағы 856 өнеркәсіптік кәсіпорында (14 ірі, 25 орта, 817 шағын) 44,3 мыңға жуық облыс тұрғыны еңбек етуде.
Инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша жұмыс жалғасуда. Жыл соңына дейін инвестиция көлемін 702 миллиард теңгеге дейін ұлғайту жоспарлануда (бүгінде 247,3 миллиард теңге, өсім 1,3 пайыз). Қазіргі таңда 1432 жұмыс орнын құрумен 228,5 миллиард теңгеге 19 жоба жүзеге асырылуда. Жыл басынан бері біз жалпы құны 139 миллиард теңгені құрайтын 12 жобаны енгіздік, бұл облыста 405 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді. Өңірде жаңа өңдеу зауыты, ауылшаруашылығы техникаларына қызмет көрсететін сервистік орталық, құм қиыршық тас шығаратын зауыт, сүт өнімдерін өңдейтін цех іске қосылып, «Жайсаң» мыс кен орнын игеру жұмыстары басталды, — деді облыс әкімі.
405 жұмыс орнының ашылуына мүмкіндік беретін 12 жобаны атап өткен Ербол Қарашөкеев
облыстың инвестициялық қоржыны жалпы құны 2,5 триллион теңгенің 70 жобасын құрайтынын, оның ішінде шетелдік инвесторлардың қатысуымен 1,8 триллион теңгені құрайтын 13 жоба бар екендігінен хабардар етті. Бұл жобаларды жүзеге асыру қосымша 6,3 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретін көрінеді.
Өңірге инвестиция тарту бойынша жұмыс аясында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін өндіріс орындарының жетіспеушілігі мәселесіне тап болғандарын жасырмаған облыс әкімі қалыптасқан жағдайды шешу үшін біз инвесторларға аумағы 40 мың шаршы метрді құрайтын заманауи өндіріс орындарын салуды ұйғарғандарын жеткізіп, жобаға қаржы Индустриялық даму қорынан алынғанын атап өтті.
Биыл мамыр айында өңірге инвестиция тарту мақсатында «Тараз» ӘКК» АҚ базасында «Zhambyl Invest» дирекциясы құрылған. Дирекция отандық және шетелдік инвесторларға «бір терезе» қағидаты бойынша көмек көрсететін көрінеді. Олар – рұқсат құжаттарды алу, инвесторларға виза беру, инвестициялық келісімшарттар жасау және инвестициялық преференциялар алу, сондай-ақ инженерлік желілерді орнатуға көмек көрсету.
Бүгінгі таңда дирекция түрлі салаларда әзірленіп жатқан 30-ға жуық инвестициялық жобаға қолдау көрсетуде, оның 9-ын жақын арада іске қосу жоспарланыпты. Жобаларды іске асыру айтарлықтай мультипликативті нәтиже беріп, тұтастай алғанда өңірдің инвестициялық тартымдылығын дамытуға оң әсер етеді екен. Мұнда да облыс әкімі іске қосылатын 9 инвестициялық жобаны атап көрсетті.
— Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру аясында агроөнеркәсіп кешеніне инвестиция тарту — аса маңызды міндет болып қала береді. Жыл басынан бері агроөнеркәсіп кешені саласына 6,1 миллиард теңге инвестиция тартылды. Солтүстік Қазақстан облысы тәжірибесін кеңейту аясында 1612 басқа арналған тауарлы-сүт фермаларының құрылысы бойынша 3 жоба, сыйымдылығы 35 мың тонналық 6 көкөніс сақтау қоймасы, тамшылатып суару және тері мен жүнді өңдеу бойынша 2 жоба қаржыландырылды. Бұл жобаларды 2025 жылы енгізу жоспарлануда. Агроөнеркәсіп кешенінде жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жұмыстары ерекше бақылауда. 2027 жылға қарай құны 272 миллиард теңгені құрайтын 40 инвестициялық жобаны іске асырып, 1141 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Оның ішінде 2024 жылы 345 жұмыс орнын құрумен 25 миллиард теңгені құрайтын 20 жоба бар. Ағымдағы жылы жоспарланған 20 жобаның құны 9,7 миллиард теңгені құрайтын 9 жобасы іске қосылды.
Ауылшаруашылығы саласын қолдауға 21,4 миллиард теңге субсидия бөлінді. 7 айдың қорытындысы бойынша ауылшаруашылығы өнімінің көлемі 4 пайызға өсті, ірі қара мал санын — 7,9, қой — 21, жылқы — 5,8, ет өнімдерін өндіру (тірі салмақта) — 2,2 сүт – 1,1 пайызға өсуі қамтамасыз етілді.
«Ауыл аманаты» жобасы өз тиімділігін көрсетті. Жергілікті ауылшаруашылығы тауарын өндірушілерді жан-жақты қолдауға және ауыл халқын кәсіпкерлікке тартуға бағытталған бағдарлама жаңа жұмыс орындарын ашып, ауыл халқының табыс көзіне айналды.
2023 жылы 25,5 миллиард теңге бөлініп, 4076 жоба қаржыландырылды, бағдарламамен 51 ауылдық округ қамтылды. Оның ішінде 152,2 мың бас мал мен 65 бірлік ауылшаруашылығы техникасын сатып алу қаржыландырылды. 2024 жылдың соңында біз республикалық бюджеттен 10,5 миллиард теңге көлемінде қаражат бөлуді күтеміз, оларға кемінде 1200 жоба қаржыландырылады. Биылдан бастап біз шағын орта бизнесті, мәселен құрылыс, кондитерлік, тігін цехтарын, ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу бойынша шағын цехтарды дамытуды қаржыландыруға көңіл бөлеміз. Несиелер жылдық 2,5 пайызбен, 7 жылға дейінгі мерзімге жеке кәсіпкерге 9,5 миллион теңгеге дейін, кооперативке 29,2 миллион теңгеге дейін беріледі. Сондай-ақ ағымдағы жылдың мамыр айында ауылшаруашылығы техникасын қаржыландыруға жергілікті бюджеттен 600 миллион теңге бөлініп, 89 бірлік техника сатып алынды.
Мемлекет басшысының облыста суармалы жер көлемін ұлғайту жөніндегі тапсырмасына сәйкес өңірде суармалы алқаптарды ұлғайту бойынша ауқымды шаралар қолға алынды. Бекітілген «Жол картасы» шеңберінде 2028 жылға дейін 124 мың гектар егіс алқабын қалпына келтіру жоспарлануда (оның ішінде ЕҚДБ – 53,9 мың, ПУИД-2 – 15,2 мың, ИДБ – 54,9 мың гектар). Халықаралық қаржы институттары (ЕҚДБ және ХҚДБ) арқылы 37,4 миллиард теңге бөлінді (27,6 миллиард теңге игерілді), 47,5 мың гектар суармалы алқаптар қалпына келтірілді (жоспар 69,1 мың гектар). Биылғы жылы ИДБ-мен суармалы жерлерді ұлғайту және тасымалдау кезінде су ысыраптарын азайту жөніндегі келісімдер аясында 87 каналды қайта жаңғырту және күрделі жөндеу жұмыстарын бастап жатырмыз. Жергілікті бюджет есебінен 9, республикалық бюджет есебінен 3 су қоймасын салу жоспарлануда.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2028 жылға қарай суармалы алқаптарды толық сумен қамтамасыз ету, каналдарда тасымалдау кезінде су ысыраптарын азайту және ауылшаруашылығы өнімін 2 есеге арттыру күтілуде. Сондай-ақ суды үнемдейтін технологияларға тоқталғым келеді, бүгінде іске қосу сатысында 2 жоба бар: каналдар үшін бетон жабындарын өндіру бойынша «KAZAKH INDUSTRIAL STROI» (ҚХР) және тамшылатып суару өндірісі бойынша «KAZKASPI HYDRO» (ҚХР) жүйелері. Сонымен бірге, өңірде өз өндіріс орындарын ашуға дайын тағы 3 мүдделі инвесторымыз бар. Қазіргі уақытта олар пысықтау сатысында, — деді облыс әкімі.
Өңірде тұрғын үй мәселесі кезең-кезеңімен шешіліп, жаңа алаптар мен шағын аудандар салынып жатқанына назар аударған Ербол Қарашөкеев жыл басынан бері 355,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілгенін, жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 750,0 мың шаршы метрге жеткізу жоспарланғанын нақты мәлімет келтіре отырып, еске салды. Бүгінде құны 17,6 миллиард теңгеге 2909 пәтерлік (242,5 мың шаршы метр) 56 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде екен. Оның ішінде биыл 2569 пәтерлік (217,2 мың шаршы метр) 51 үй тапсырылмақ. Одан бөлек, облыста жастардың тұрғын үй мәселелерін шешу мақсатында «Әулиеата жастары» өңірлік бағдарламасы қабылданғанын да айтып өткен облыс әкімі бағдарлама аясында биыл 2 миллиард теңгеге 140 жасқа пәтер кілтін тапсыру жоспарланғанын жеткізді. Жалпы, 2023 жылы тұрғын үй құрылысына және сатып алуға 1942 пәтерге 23,2 миллиард теңге, ал 2024 жылы 2 есе артық, яғни 3784 пәтерге 40,8 миллиард теңге бөлініпті. Сонымен қатар, ағымдағы жылы 79 көппәтерлі тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізуге 5,9 миллиард теңге бөлінген. (Тараз қаласы – 53, Шу – 10, Сарысу – 12, Т. Рысқұлов ауданы. — 4).
26 көппәтерлі тұрғын үйдің аулаларында (жергілікті бюджет есебіне Тараз қаласы – 25, демеушілік есебінен Шу ауданы — 1) ойын алаңдары салынған. Ағымдағы жылы 12 миллиард теңгеге 77 тұрғын үй объектісіне және жеке тұрғын үй құрылысы үшін 351 жер учаскесіне инженерлік инфрақұрылым жүргізу жоспарлануда. Сондай-ақ көпбалалы отбасылар мен халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 23,2 миллиард теңгеге 1575 пәтер сатып алу жоспарланыпты.
Елді мекендерді сапалы ауызсумен қамтамасыз етуге айықша көңіл бөлініп жатқанын да тілге тиек еткен облыс әкімі 2024 жылы 21,5 миллион теңгеге 68 жоба іске асырылатын, оның ішінде 22 АЕМ-де орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесін салу және 15 АЕМ-де кешенді-модульдік блоктарды орнату бар екенін айтты. Нәтижесінде, 37 елді мекен (23,6 мың адам) қамтылады (бүгінгі күні 313 АЕМ 656,3 мың адам), сапалы ауызсумен қамтамасыз ету деңгейі тұрғынға есептегенде 94,9-дан 98,1 пайызға дейін артатынынан хабардар етті.
Газдандыру туралы да еске салған облыс әкімі, биыл 12 жоба шеңберінде қосымша 3 елді мекенді (5,0 мың адам) (бүгінгі күні 285 АЕМ 1 113 мың адам) 8,5 миллиард теңгеге табиғи газбен қамтамасыз етуді және газбен жабдықтау деңгейін 91,1 пайыздан 91,3 пайызға дейін (тұрғынға шаққанда) жеткізу жоспарланған.
— Облыс бойынша жылу желілерінің ұзындығы 350,7 шақырымды, тозу деңгейі 55,5 пайызды құрап отыр. Ағымдағы жылы 7,1 миллиард теңгеге 2025 жылы аяқталатын Тараз қаласындағы «М-1» магистральдық жылу магистралін (10,6 миллиард теңге, 6,1 шақырым) қайта жаңғырту жұмыстары басталды. Тозу деңгейі жыл соңына 54 пайызға дейін төмендейді (2024 жылы – 4,7 шақырым).
Жыл соңына дейін Қаратау қаласындағы (680,8 миллион теңге) және Жаңатас қаласындағы (4,2 миллиард теңге) орталық қазандықтарды қайта жаңғыртуды аяқтау жоспарлануда, нәтижесінде соңғысы мазут отынынан табиғи газға ауысады. 2025 жылы Қаратау қаласындағы орталық қазандықтың мазут нысанын қайта жаңғыртуды аяқтау жоспарлануда (653,9 миллион теңге), сондай-ақ республикалық бюджеттен (5,5 миллиард теңге) қаржыландыру қолдау тапса жылу желілерін (15 шағын аудан (1,036 шақырым – 635,3 миллион теңге), Тараз қаласындағы «М-3» жылу магистралін (1,4 шақырым) – 2,1 миллиард теңге) және Шу қаласында 4 жобаны (5,6 шақырым) – 2,1 миллиард теңге) қайта құруды бастау жоспарлануда. Бұл жобаларды іске асыру тозу деңгейін 51,3 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.
Облыстағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 10 мың шақырымды құрайды.Ағымдағы жылы автожол саласын дамытуға 25,2 миллиард теңге бөлінді. 1 көпір мен 16,5 шақырым көше жолдарын салуға 3,0 шақырым қайта жаңарту және 655 шақырым жолды орташа жөндеу (85,9 шақырым – облыстық, 77 шақырым – аудандық, 511,3 шақырым – елді мекендер көшелері) бойынша 339 жобаны іске асыру жоспарлануда. Нәтижесінде, жыл қорытындысымен жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесін 99 пайызға, көше жолдары желісін 87 пайызға жеткізу жоспарлануда.Облыс әкімі еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, білім, денсаулық сақтау, спорт және мәдениет, жастар саясаты және туризм салалары бойынша да журналистерді кеңінен хабардар етті. Ербол Қарашөкеевтің назарынан Тараз қаласының ахуалы да, халықпен кері байланыста тыс қалмады. Ашықтықты басты қағидасы деп санайтын облыс әкімі журналистер қойған барлық сұрақтарды жауапсыз қалдырмай нақты жауап қайтарды. Тіпті, түрлі салаларға байланысты сұрақтармен қатар шешімін күткен мәселелер, ауылшаруашылығы саласындағы жалған мәлімет жайлы, өңірдегі тарихи орындар туралы да сұрақтар болды. Кейбір сұрақтарға өзімен бірге орынбасарлары мен Тараз қаласының әкімі толықтырып, жауап беріп отырды. Бір сөзбен айтқанда әріптестер өздерін толғандырған мәселе бойынша қойған сұрақтарға нақты жауап алды.