Паралимпиада ойындарының ашылу салтанаты тікелей эфирде көрсетіледі

0 320

Бүгін Парижде жазғы Паралимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтеді, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Паралимпиаданың ашылуына арналған бағдарлама Астана уақытымен 23:00-де басталады.

Спорт додасында ел намысын 44 атлет қорғайды. Бұл Қазақстанның Паралимпиада тарихындағы рекордтық көрсеткіші.

Айта кетейік, XVII жазғы Паралимпида ойындарын QazSport және Qazaqstan телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.