Алматыда оқу жылы 2 қыркүйектен басталады

0 43

Алматылық оқушылар үшін жаңа оқу жылы 2 қыркүйектен басталады, 1 қыркүйек күні алғашқы қоңырау соғылмайды, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Әсем Нүсүпова мәлім етті.

«1 қыркүйек демалыс күні балалар демалады, ал 2 қыркүйекте барлығы мектепке барады», деді Әсем Нүсіпова.

Бұған дейін Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев 1 қыркүйек жексенбіге тұс келсе де алғашқы қоңырау соғылатынын айтқан еді.