Шахматшы Бибісара Асаубаева Гран-при турнирінде жүлде иеленді
Шахматшы Бибісара Асаубаева FIDE әйелдер арасындағы Гран-при жарысында екінші орын иеленді, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
Ол тоғыз турға созылған турнирді 5,5 ұпаймен аяқтады, оның екеуі — жеңіс, жеті мәрте тең ойнады.
Гран-при кезеңінде Польшадан келген Алина Кашлинская жеңіске жетті. Ол соңғы турда жеңіске жетіп, 6 ұпай еншіледі, яғни 3 ойынды айқын басымдықпен аяқтап, алтауында тең түскен.