Боксшы Данияр Елеусінов шаршы алаңға қайта шығады

0 244

Кәсіпқой боксшы, 69 келіде Рио-де-Жанейро — 2016 Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов рингке оралады. Бұл туралы all.stars.boxing.kz компаниясы хабарлады, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Данияр Елеусінов 28 қыркүйек күні Алматы аренада өтетін бокс кешіндегі басты жекпе-жекте қолғап түйістіреді.

Оның кімге қарсылас атанатыны әлі анықталған жоқ.

Айта кетейік, Данияр Елеусінов кәсіпқой рингтегі кейінгі кездесуін 2021 жылдың желтоқсан айында Астанада өткізген. Отандасымыз сол жекпе-жекте аргентиналық Хуан Эрнан Леалдан төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетіп, IBO тұжырымы бойынша жартылай орта салмақтағы титулды жеңіп алған болатын.