Көкөніс бағасы төмендей бастады

0 429

Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова көкөніс бағасының маусымдық төмендеуі басталғанын айтты, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Бижанованың мәліметінше өткен аптада сәбіздің бағасы 1,1%-ға, картоп 0,6%-ға арзандады.

Сонымен қатар тауық жұмыртқасы — 0,5%, күріш — 0,2%, қант — 0,3%, айран — 0,4%, қарақұмық жармасы -0,2%, бірінші сортты нан мен ұн — 0,1%, сиыр еті -0,1% арзандады.

Ал күнбағыс майының құны ұзақ уақыт төмендегеннен кейін 0,5%-ға, тұз 0,2%-ға, май бағасы 0,3%-ға өсті.

Нарықтық факторлардың ықпалына қарамастан, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары (ӘМАТ) бағасының өсуін нөлдік деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік туды.