Биыл алғашқы қоңырау қашан соғылады

0 135

Биыл 1 қыркүйек жексенбі күнге тұспа-тұс келіп тұр. Осыған байланысты ел мектептерінде алғашқы қоңырау қашан соғылатынын Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі. 

Министрдің мәліметінше, алғашқы қоңырау дәстүрге сай уақытылы соғылады.

«1 қыркүйек − дәстүрге сәйкес білім күні. Сондықтан биыл да жылдағыдай алғашқы қоңырау салтанатты шарасы өтеді», деді Ғани Бейсембаев Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.