Қазақстан Қырғызстанға гуманитарлық көмек жіберді

0 461

«Biz Birgemiz Qazaqstan» отандық қоғамдық қоры селден зардап шеккен көршілес елге 40 тонна гуманитарлық көмек жөнелтті, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі. 

Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдегендей, 19 шілде күні таңертең жүк көліктері шекарадан өтіп, Ош облысына бет алады. Гуманитарлық көмек құрамында азық-түлік, ең қажетті тауарлар мен гигиеналық заттар бар.

Естеріңізге салайық, 14 шілдеде Ош облысында болған сұрапыл сел салдарынан 5 адам көз жұмды. Мады, Датка, Баш-Булак елді мекендерінде тұрғын үйлер мен басқа да мекемелердің ғимараттары су астында қалып, зардап шеккен.