Қазақстанда бүгін ауа райы қандай болады?
«Қазгидромет» РМК синоптиктері 18 шілдеде еліміздің 19 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 17-22 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қауыпы күтіледі.
Маңғыстау облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қауіпі сақталады.
Ақтөбе облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Түркістан облысының солтүстігінде, күндіз солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, күндіз солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с. Облыстың шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Шымкентте күндіз найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Атырау облысында 37 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Облыста жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстік-шығысында, солтүстік- батысында, солтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, дауыл, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың орталығында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Абай облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында найзағай, күндіз найзағай, облыстың солтүстігінде, орталығында бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Астанада кей уақыттарда найзағай күтіледі. Күндіз бұршақ болуы ықтимал.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Облыстың басым бөлігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың бытысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Алматы облысының тау етегіндегі, таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, тау етегіндегі, таулы аудандарында кей уақытта найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с.
Алматыда кей уақытта найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 18 м/с.