91 мәрте жол ережесін бұзған

0 5

Жамбылдық тәртіп сақшылары 91 мәрте жол ережесін бұзған автокөлік жүргізушісін анықтады, деп хабарлайды  «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері Тараз қаласындағы Жамбыл даңғылында бірнеше ай ішінде жол қозғалысы ережелерін 91 рет бұзған Chevrolet Cobalt автокөлігінің жүргізушісін тоқтатқан.

Ер адам жылдамдықты бірнеше рет асырған және жол қозғалысы ережелерінің талаптарын елемеген. Жүргізуші «Қорғау» интеллектуалды жүйесі арқылы анықталды. Бұл жүйе жол қозғалысын автоматты түрде бақылаудың тиімділігін арттырады.

Цифрландырудың арқасында іске асқан заманауи технология жол қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды құралына айналып үлгерген. Ал 91 рет ереже бұзған азаматтың көлігі арнайы айыптұраққа қойылды.