74 жастағы зейнеткер Қытайға жаяу жол тартты

0 163

74 жастағы зейнеткер марафоншы Сәрсенбай Қотырашев Астана қаласынан бастау алған Ресей — Моңғолия — Қытай бағыты бойынша кезекті сапарына аттанды. Қария бұл сапарын Астана қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпелілер ойынының құрметіне арнаған. Қызығы мен шыжығы қатар жүретін қарияның әр саяхаты көпке үлгі болары анық, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі. 

Сәрсенбай Қотырашев бала күнінен жаяу жүрумен шұғылданған. Зейнеткердің сапарының соңғы нүктесі — Қытайдың астанасы Бейжің болмақ. Қарияның айтуынша, көшпелі қазақтың ұрпағы болғаннан кейін, дүниежүзілік доданы насихаттау керек.

Бұған дейін, зейнеткер сапарын Атырау қаласынан бастап, Түркияның Ыстанбұл қаласына дейін жаяу барған. Сонымен қатар марафоншы биыл Еуропа елдерін жаяу аралауды жоспарлаған.