6 қазан күні елорда тұрғындары автобуста тегін қатынайды

0 262

Астанада 6 қазан күні республикалық референдумның өтуіне орай, қала және қала маңы бағдарларында жол жүру тегін болады, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Астана қаласы әкімдігінің хабарлауынша, қоғамдық көлік сағат таңғы сағат 06:00-ден түнгі 23:00-ге дейін жүреді.

Ал 7 қазаннан бастап қоғамдық көліктер штаттық режимде қатынайды.