350 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа қабылданды

0 171

Жаңа 2024-2025 оқу жылында 351 176 бала 1-сыныпқа қабылданды және оның 70 пайызға жуығы мемлекеттік тілде оқуға ниет білдірді, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бірінші сыныпқа баратын оқушылардың ең көп саны Түркістан облысында (44 мыңнан астам), Алматы облысында (34 мың), Астана қаласында (26 мыңнан астам) тіркелген.

2024-2025 оқу жылында 7 859 мектепте 3,9 миллионнан астам қазақстандық бала білім алады. Сонымен қатар, 11-сыныпта оқитындардың саны да рекордтық көрсеткішке жетті – 219 мыңнан астам бала.

 Жалпы, жаңа оқу жылында 1-сыныпқа 369 мың бала қабылданады деп күтілуде.