22-24 шілдеге арналған ауа райы болжамы

0 192

«Қазгидромет» РМК синоптиктері үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Синоптиктердің болжамы бойынша, 22, 23 және 24 шілдеде республиканың оңтүстігінде термометр 42°C дейін жоғарылайды.

Еліміздің батысында, солтүстігінде және шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

22 және 24 шілдеде еліміздің батысында нөсер жаңбыр жауады. Күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Қалған аумақта ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте және оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады. Республиканың солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі.

22-23 шілдеде күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде 40°C қатты ыстық болады. Батыста, солтүстікте, Алматы облысының орталығында ауа температурасы 42°С-қа жетеді. Сонымен қатар күндіз республиканың батысында 35-39°С аптап ыстық болады.

Оңтүстік-батыста 38-42°С, 24 шілдеде Қостанай облысының оңтүстігінде 35°С, орталық аймақтарда 35-38°С, республиканың оңтүстігінде 40-42°С, оңтүстік-шығыста 35-39°С ыстық болады.