2-4 шілде күндері астаналықтар қашықтан жұмыс істеуі мүмкін
Мемлекеттік мекемелерге және квазимемлекеттік секторларға қызметкерлерінің 70 пайызына дейін қашықтан жұмыс істеу форматына ауыстыру ұсынылады, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
Астанада 2024 жылдың 3-4 шілдесінде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммиті өтеді. Бұл күндері қауіпсіздік шаралары күшейтіледі.
Астана білім басқармасының мәліметінше, азаматтарға ыңғайлы болу мақсатында, әсіресе жолдарда кептеліс болмас үшін 2-4 шілде аралығында мемлекеттік мекемелерге және квазимемлекеттік секторларға қызметкерлерінің 70 пайызына дейін қашықтан жұмыс істеу форматына ауыстыру ұсынылады.
Бұл – ірі халықаралық іс-шараларды өткізу барысында күшейтілген қауіпсіздік шаралары қабылданатын және азаматтарға ыңғайлы болу үшін ішінара қашықтан жұмыс істеу тәртібі енгізілетін әлемдік тәжірибе, — делінген хабарламада.