Оқушылар арасында буллингтің алдын алу бойынша кешенді жұмыс жүргізілуде

0 122

Меркі ауданының орта мектептерінде оқушылар арасында құқық бұзушылықтардың, буллингтің алдын алу бойынша үлкен жұмыс атқарылуда. Бұл жұмыстарға тәжірибелі психологтар мен социологтар тартылуда, олар осы мәселелермен жұмыс жасауда ұзақ жылдық тәжірибеге ие, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігінің тілшісі.

Сонымен қатар, «дөңгелек үстелдер», әңгімелесулер, әлеуметтік дағдыларды дамыту және құқықтық тәрбиелеу бағдарламасы бойынша тренингтер ұйымдастырылуда, бұл барлық оқушыларды қамтитын болады. Ата-аналар мен сынып жетекшілеріне кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың жауапкершілікті тәртібін арттыру мақсатында психологиялық-педагогикалық және құқықтық құзыреттілікті көтеру бойынша диалог алаңдары өткізілетін болады. Сонымен қатар, «Стоп буллинг!» тақырыбында психологтармен тренингтер өткізіледі, оның барысында түрлі жағдайлар қойылып, оларды шешу жолдары талқыланады. Эмпатияны дамытуға, тиімді қарым-қатынас дағдыларын, конструктивті қақтығыстарды шешу, жеке шекараларды қорғау дағдыларын дамытуға бағытталған жаттығулар орындалады.

Бұл шараларда балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздік ережелері мен жауапты мінез-құлқы да белсенді түрде қаралады.