АуданБасты жаңалықтар

Телеграмм бот мессенжері

Біз ең қажетті анықтамаларды ХҚО-ға жүгінбей-ақ, Egov порталы арқылы алуды үйреніп қалдық. Бірақ ноутбук немесе компьютер болмағанда не істеуге болады?

EgovKzBot2.0 телеграм-боты осыған ұқсас жағдайлар үшін құрылған. Оның көмегімен сіз смартфон арқылы қажетті анықтамаларды ала аласыз. Қазір телеграм-бот арқылы 30-дан астам мемлекеттік қызмет пен сервис қолжетімді – сотталмағандығы туралы анықтама, тіркеу туралы ақпарат, айыппұлдарды тексеру, зейнетақы аударымдары туралы үзінді көшірме және басқалар. Сондай-ақ бот арқылы ХҚО-ға кезекке тұруға болады.

Ботты пайдалана бастау үшін смартфонға Telegram мессенджерін орнатыңыз және іздеу жолында @Kenes1414Bot деп енгізіңіз. Бот қызметтерін пайдалану үшін Сіз азаматтардың мобильді базасында тіркеліп, нөміріңізді ЖСН-мен байланыстыруыңыз керек. Содан кейін “старт” батырмасын басып, қажетті қызметті табыңыз.

Білген маңызды!

* Егер SMS-код алу бойынша қиындықтар туындаса, 1414 байланыс орталығына хабарласыңыз және ұялы телефоныңызды ауыстырғаныңыз туралы операторға хабарлаңыз.

* Телеграм-Ботта жаңа қызмет пайда болған кезде оны пайдалану үшін ботты қайта жаңарту қажет. Бұл мәзірдің “Тарихты тазарту” тармағын пайдаланып, содан кейін “Бастау” түймесін басу арқылы жасалады.

Телеграм-Боттың навигациясы ыңғайлы және түсінікті, анықтамаларды кез келген жерден алыңыз!

 

«Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ»

Жамбыл облысы бойынша филиалының  Талас аудандық халыққа

қызмет көрсету бөлімі.

Көбірек көрсету

Өзгеде жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close