АуданБасты жаңалықтарҚоғам

Кезекте тұрған және тұрғын үй алғандардың тізімін қалай тексеруге болады?

Тұрғын үй кезегінің нөмірін eGov.kz порталында авторизациясыз және ЭЦҚ-сыз тексеруге болады. «Электрондық үкімет» порталындағы жаңа сервис тұрғын үй кезегінің жылжуы туралы деректерді қарауға, сондай-ақ Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алғандардың тізімін тексеруге мүмкіндік береді. Бұл дегеніміз әркім өзінің тұрғын үй кезегінің нөмірін қарап, тіпті ЭЦҚ-сы болмаса да тізімдегі жылжуды қадағалай алады дегенді білдіреді.

Ол үшін eGov порталында «Кезекте тұрған және тұрғын үйді алған кезектегі адамдардың тізімін қарау» сервисін таңдап, деректерді толтыру қажет. Содан кейін бірден кесте ашылады, онда ТАӘ, өңір, кезектің ағымдағы нөмірі және барлық “үміткерлердің” кезекке қойылған күні көрсетіледі.

Сонымен қатар «Электрондық үкімет» порталында “Мемлекеттік қордан тұрғын үйге кезек нөмірін қарау” сервисі арқылы Сіз өзіңіз туралы ғана ақпаратты көре аласыз. Яғни онда тек Сіздің кезек нөміріңіз ғана көрінетін болады және өзіңіздің деректеріңізді тізімнен іздеудің қажеті жоқ. Бірақ осы сервисті алу үшін авторизациядан өтіп, ЖСН нөміріңізді көрсетуіңіз қажет.

Сізге ыңғайлы болу үшін төменде сервистерге сілтемелер көрсетілген:

– Кезекте тұрған және тұрғын үйді алған кезектегі адамдардың тізімін қарау https://egov.kz/services/P18.SERVICE/#/declaration/0//

– Мемлекеттік қордан тұрғын үйге кезек нөмірін қарау https://egov.kz/services/P18.POSITION/ #eGov #nitec

 

Е. АБДИВАИТОВ,

Жуалы аудандық халыққа қызмет көрсету бөлімінің басшысы.

Жамбыл облысы.

Көбірек көрсету

Өзгеде жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close