АуданБасты жаңалықтарҚоғам

Шетелдіктерге ЖСН беру

Жеке сәйкестендіру нөмірі тағайындалмаса, шетел азаматтары кәсібін, автокөлік немесе пәтерін өз атына тіркей алмайды. Сондай-ақ ресми түрде жұмысқа орналасып, басшылық қызметке де тағайындала алмайды, банктің кейбір қызметтері де ЖСН-сіз қолжетімсіз.

Қызметті бір жұмыс күні ішінде ХҚО немесе egov.kz арқылы алуға болады. ЖСН алу тегін. Ол үшін тек белгіленген үлгідегі өтініш пен жеке басын куәландыратын құжат қана керек. Егер шетелдіктің төлқұжатында аты-жөнінің кириллица немесе алтын қарпіндегі емлесі болмаса, паспорттың кириллица немесе латын қарпіне нотариалды куәландырылған аудармасының көшірмесін қоса беру керек.

Шетелдіктер бұл қызметті Егов порталында үшінші тұлға арқылы тапсырыс бере алады. Себебі ЭЦҚ-сы болмағандықтан, порталда авторизациялана алмайды. Үшінші тұлға міндетті түрде ҚР азаматы болуы тиіс. Жауабын жеке кабинетте білуге болады.

Н. БЫҚЫБАЕВ,

ХҚК бойынша Т.Рысқұлов  аудандық бөлімінің басшысы.

Жамбыл облысы.

Көбірек көрсету

Өзгеде жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close