Басты жаңалықтарҚоғам

Пилоттық режимдегі мемлекеттік қызмет түрл

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша  филиалының әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша Тараз қалалық бөлімі 2021 жылғы 30 шілдеден бастап пилоттық режимде іске қосылған мемлекеттік қызметтерін көрсетудің экс-аумақтық қағидаты бойынша келесі төлем түрлерін ұсынып келеді:

  1. «Бала туғанда берілетін және бала күтімі бойынша жәрдемақыларды тағайындау»;
  2. «Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау»;
  3. «Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау».

   Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің экс-аумақтық қағидаты бойынша азаматтың өтінішті тұрғылықты жері бойынша беруі міндетті емес. Өз қалауы бойынша Қазақстан аумағындағы кез келген халыққа қызмет көрсету бөліміне жоғарыда көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша өтініш бере алады.

 

М. УЛЕКОВ,

әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша Тараз қалалық бөлімінің басшысы.

Жамбыл облысы.

Көбірек көрсету

Өзгеде жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close