Басты жаңалықтарҚоғам

Жеңіл әрі ыңғайлы

Елімізде мемлекеттік қызмет көрсету сапасы – қазіргі заманғы мемлекетік әлуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің бірі. Біз қазіргі заманғы технологияларды белсенді қолдана отырып жеңіл әрі ыңғайлы тəсілмен қарым қатынас жасайтын ақпараттық дəуірге əлде қашан жеттік. Электронды үкіметтің «Электронды үкімет» және «Электронды қызмет» қызмет ету тетіктері ақпараттық технологияларды кеңінен қолдануға негізделген жəне азаматтар мен ұйымдарға барынша қызмет көрсетуге бағытталған.

Ауданымызға қарасты 19 ауылдық округтің әкімшілігі, мектептері мен кітапханаларында Шу аудандық ХҚКО бөлімінің «Өзіне-өзі қызмет көрсету», «Сервистік әкімдік» секторлары ашылып, оған жауапты мамандар бекітілген. Халыққа қызмет көрсету бөлімінің мамандары іс-шаралар кестесіне сәйкес тәжірибе алмасу жұмыстарын жүргізуде. Электронды үкімет порталы арқылы үйден шықпай-ақ ЭЦҚ алуға болады. Барлық электронды қызмет түрлерін бірыңғай орталық – электронды үкімет порталы www.egov.kz арқылы алуға болады. Сондай-ақ Telegram бот, Еgov mobile қосымшасын жүктеу арқылы анықтамалар алуға болады.

Егер тиісті ақпарат алу барысында түсінбейтін жағдайлар кезіккен жағдайда қажетті кеңестерді 1414 (Бірыңғай байланыс орталығы) немесе egov-веб порталы арқылы виртуалды ассистентке қоңырау шалу арқылы, онлайн түрде ала аласыз.

 

А. ТУРТЕЕВА,

ХҚК бойынша Шу аудандық бөлімінің маманы.

Жамбыл облысы.

Көбірек көрсету

Өзгеде жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close