Басты жаңалықтарҚоғамӨзекті

Көлікті үйден шықпай-ақ рәсімде!

Сатып алған көлігіңізді өз атыңызға рәсімдегіңіз келсе, оны автоХҚО-ға барып іске асыруға болады. Алайда өз уақытыңызды үнемдеудің таптырмас әдісі бар. Сіз оны Kaspi.kz қосымшасы арқылы қайта рәсімдей аласыз.

Ол үшін сіз және көлікті сатушы тарапқа қосымшада бірнеше батырманы ғана басу қажет.

САТУШЫ: Kaspi.kz қосымшасына кіріп, «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінен «Автокөлікті қайта рәсімдеу» қызметін таңдау қажет. Әрі қарай көлікті тіркеуден шығару батырмасын басып, сатып алушының деректері мен көлік құнын көрсету қажет. Егер сатушы өзінің мемлекеттік тіркеу нөмірін өз атына қалдырғысы келсе, тиісті жерге белгі қою тиіс. Бұдан кейін өтінімге Kaspi электрондық қолтаңбасы қойылады. Содан кейін «Көлікті тіркеуден шығарылды» деген SMS-хабарлама келіп түседі.

САТЫП АЛУШЫ: «Автокөлікті тіркеуге қою» қызметін таңдап, сатып алу сомасын енгізе отырып, көлік туралы мәліметтерін растауы тиіс. Мемлекеттік нөмір мен техпаспортты алып кететін мамандандырылған ХҚО-ның мекенжайын көрсетеді.

Рәсімдеу процесі өтінімге қол қою мен қажетті баж алымдарын төлеумен аяқталады.

Көліктің тіркелгендігі жайлы хабар Kaspi қосымшасына үш сағат ішінде келеді.

Қызмет құны: Көліктің тіркеу куәлігі – 3646,25 тг, Көліктің жаңа нөмірі – 8167,60 тг, Тіркеу үшін – 729,25 тг.

Рәсімдеуді бастамас бұрын Kaspi электрондық қолтаңбасын алдын ала алғаныңыз жөн.

ТЕМІРБЕКОВ НҰРДӘУЛЕТ ТЕМІРБЕКҰЛЫ
№1 Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету бөлімі.

Көбірек көрсету

Өзгеде жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close