Басты жаңалықтарҚоғамӨзектіСаясат

Ахметжан Есімов жаңа қызметке тағайындалды

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының шешімімен Ахметжан Смағұлұлы Есімов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының штаттан тыс көмекшісі болып тағайындалды, – деп хабарлайды “Aulieatanews” ақпараттық агенттігі.

«Ауылшаруашылығы өндірісінің процесстер механизациясы» мамандығы бойынша 1974 жылы Қазақ ауылшаруашылық институтының механикалық факультетін бітірген.

«Әлеуметтік-саяси қатынастар теориясы» мамандығы бойынша 1991 жылы Ресей қоғамдық ғылымдар академиясының әлеуметтік-саяси факультетін бітірген.

1968 жылдың қыркүйегінен –  Алматы облысы  Қаскелең ауданының «Достық» кеңшарының спорт жөніндегі әдіскері.

1969 жылдан – Қазақ ауылшаруашылығы институтының студенті.

1974 жылдың қыркүйегінен – Алматы облысы Қаскелең ауданының «Ленин» кеңшарының инженер-механигі.

1977 жылдың желтоқсанынан – Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының жұмысшылар комитетінің төрағасы (Алматы облысы Қаскелең ауданының «1 май» ауылы).

1979 жылдың қаңтарынан – Қазақстан Компартиясы Қаскелең аудандық комитетінің ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы.

1979 жылдың тамызынан – «Ленин» кеңшарының партком хатшысы.

1982 жылдың наурызынан – Қазақстан Компартиясы Алматы облыстық комитетінің ауылшаруашылығы бөлімінің нұсқаушысы.

1983 жылдың мамырынан – «Ленин» кеңшарының директоры.

1985 жылдың тамызынан Алматы облысы Қаскелең аудандық атқару комитетінің төрағасы.

1986 жылдың шілдесінен – Алматы облысы Қазақстан Компартиясы Шелек аудандық комитетінің бірінші хатшысы.

1988 жылдың қаңтарынан – Алматы облыстық атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары-облыстық агроөнеркәсіп комитетінің төрағасы.

1988 жылдың желтоқсанынан – Қазақстан Компартиясы Алматы облыстық комитетінің хатшысы.

1990 жылдан – ҚазКСР Мемагроөнеркәсіп төрағасының бірінші орынбасары.

1992 жылдан – Алматы облыстық әкімшілігінің басшысы.

1994 жылдан – ҚР Премьер-министрінің орынбасары.

1996 жылдан – ҚР мемлекеттік хатшысы.

1996 жылдан – ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары – Мемлекеттік қаржы салымдар комитетінің төрағасы.

1998 жылдан – ҚР Президент Әкімшілігінің жетекшісі. 1998 жылдан – ҚР Бенилюкс мемлекеттеріндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі.

2001 жылдан – ҚР ауылшаруашылығы министрі.

2002 жылдан – ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ауылшаруашылығы министрі.

2004 жылдан – ҚР Премьер-министрінің орынбасары.

2006 жылдың қаңтар айынан – ҚР ауылшаруашылығы министрі.

2008 жылдан бері – Алматы қаласының әкімі.

2015 жылдың 9 тамызынан «Астана ЭКСПО-2017» ҰК басқармасының төрағасы.

2017 жылдан бастап қазіргі күнге дейін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқарма төрағасы болды.

Көбірек көрсету

Өзгеде жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close