Басты жаңалықтарБилік

Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан президентіне көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердымұхамедовке көңіл айту жеделхатын жолдады, – деп хабарлайды “Aulieatanews” ақпараттық агенттігі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердымұхамедовке әкесі Мяликгулы Бердымұхамедовтің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.

“Әкеңіздің жарқын бейнесі жақындары мен барша отандастарының жүрегінде жақсы адам, дана ұстаз және өмірін Отанына қалтқысыз қызмет етуге арнаған шынайы патриот ретінде мәңгілік сақталады. Орны толмас қайғыны бөлісе отырып, Сізге және барша жақын туыстарыңызға осындай қиын сәтте сабыр  тілеймін” – деп жазылған жеделхатта.

Көбірек көрсету

Өзгеде жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ұқсас мақалалар

Close
Close