Басты жаңалықтарҚоғамӨзектіСаясат

Алик Шпекбаев қызметінен босатылды

Алик Шпекбаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасы қызметінен босатылды, – деп хабарлайды “Aulieatanews” ақпараттық агенттігі.

“Мемлекет басшысының Жарлығымен Алик Жатқамбайұлы Шпекбаев Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы лауазымынан босатылды”, – делінген хабарламада.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жаңа басшысы Бас прокурордың бұрынғы орынбасары Марат Ахметжанов болды.

Алик Шпекбаев 1957 жылы 4 шілдеде Алматы облысында дүниеге келген. 1978 жылы слесарь-сантехник болып жұмыс істеген.
Құқық қорғау органдарында 1980 жылдан бастап жұмыс істейді. 1995-1997 жылдары Алматы облысы бойынша мемлекеттік қызмет және кадрлар бөлімдері бастығының орынбасары, Алматы облысы бойынша мемлекеттік қызмет және кадрлар департаменті аса қауіпті қылмыстарды тергеу басқармасының бастығы болды.
2000-2003 жылдары Алматы облысы ішкі істер басқармасы бастығы, 2003 жылдан 2008 жылға дейін Қазақстанның ішкі істер министрінің орынбасары болып жұмыс істеді.
2008-2014 жылдары Президент Әкімшілігі құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі болды.
2014-2015 жылдары Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары, 2016 жылғы 12 қаңтардан 28 қыркүйекке дейін Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының орынбасары болған.
2016 жылғы 28 қыркүйектен бастап – Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары.
2017 жылғы 11 желтоқсанда Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болып тағайындалды.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі екі ведомствоға бөлінгеннен кейін 2019 жылғы маусымда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы болды.

Көбірек көрсету

Өзгеде жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ұқсас мақалалар

Close
Close