Басты жаңалықтарҚоғамОблысӨзекті

Жол жөндеу жұмыстары қатаң бақылауда болады

Таразда халық тарапынан түсетін арыз-шағымның 80 пайызы тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылық мәселелеріне қатысты. Жолдың жайы, ауыз су, жарықтандыру мәселелері күн тәртібінен түскен емес. Жаңа тағайындалған әкім Е.Жылқыбаев биыл ең алдымен облыс орталығындағы осы өзекті мәселелермен айналысуды жоспарлап отыр, – деп хабарлайды “Aulieatanews” Ақпараттық агенттігі. 

Тараз қаласының аумағына жаңадан қосылған елдімекендер мен бой көтерген тұрғын-үй алқаптарындағы жол жайы — өзекті мәселелердің бірі. Бірақ алдымен ауыз су мәселесі шешімін таппай асфальт жол төсеу тиімсіз әрі қаражатты мақсатсыз жұмсау болып табылады. Сондықтан жол мәселесі бар аймақтардың алдымен жолы тегістеліп, шағал төселеді. Ал ауыз су кірген елдімекендерге кезең-кезеңімен жол салынады.

Қаланың кейбір жолдары жөнделгеніне жыл өтпей жатып асфальты үгітіліп жатқан жағдайлар кездеседі. Алайда кез келген мердігердің кепілдемесі болатындықтан, қайта қалпына келтіру жұмыстарын өз қаражаттары есебінен жүргізетін болады.

Бүгінгі таңда Тараз қаласының аумағында 1388 көше жолдары бар. Оның 745-і асфальталған (53,7%), қалған 643-і шағал жолдар (46,3%) болып табылады. Жолдардың жалпы ұзындығы 1831,3 шақырымды құрайды, оның ішінде 1092,6 шақырымы асфальт жабынды (59,6%), 738,7 шақырымы шағал төсеніш төселген (40,4%).

Жол жөндеу жұмыстарының нәтижесінде соңғы үш жылдың ішінде шаһар ішіндегі асфальт жолдардың ұзындығы 927,4 шақырымнан 1092,6 шақырымға дейін жетті, яғни 165,2 шақырымға артты.

Өткен жылы қала көшелеріне 160 жол белгісі орнатылса, 30 жол белгісін ауыстыру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ Айша бибі көшесінің 9-бұрылысы мен Фресно көшесі қиылысына жаңа бағдаршам орнатылды.

Биыл Тараз қаласында 8,9 км жол – күрделі, 99 км жол ағымдағы жөндеуден өткізілмек. Ал көшелерді орташа жөндеу жұмыстары бойынша 50 жоба (жол — 88,5 км, тротуар — 5,9 км) қолға алынып, іске асырылатын болады. Жыл сайын шұңқырларды жөндеу жұмыстары мамыр айында басталса, биыл сәуірден бастап қолға алынып отыр. Ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары қатаң бақылауда болмақ.

Көбірек көрсету

Өзгеде жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ұқсас мақалалар

Close
Close