
Қазақстан коронавирус таралу көрсеткіші бойынша “сары” аймаққа кірді. Бұған Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасының деректері дәлел, – деп хабарлайды “Aulieatanews” Ақпараттық агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
25 желтоқсандағы жағдай бойынша, Атырау облысы “қызыл” аймақта орналасқан. “Сары” аймақта – Алматы, Нұр-Сұлтан, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстары бар. Басқа өңірлер “жасыл” аймақта. Айта кетейік, бүгінге дейін Қазақстан “жасыл” аймақта болған еді.