Басты жаңалықтарЕліміздеҚоғамӨзекті

Төтенше жағдай министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

ҚР Төтенше жағдай министрлігі автокөлік иелеріне жазғы дөңгелектерін қысқы шиналарға ауыстыруға кеңес береді, – деп хабарлайды “Aulieatanews” Ақпараттық агенттігі “ҚазАқпарат” сайтына сілтеме жасап.

Өйткені күз мезгілінде жол-көлік оқиғалары қаупі жиілейді. «Қазгидромет» РМК деректері бойынша қараша айында жауын-шашын (көбінесе қар), боран соғып, екпінді жел болады. Сондай-ақ еліміздің орталық, солтүстік және шығыс өңірлерінде көктайғақ пен тұман күтіледі. Сондықтан республика жолдарында көлік құралдарының қозғалысына ерекше назар аудару қажет», – делінген министрлік мәлімдемесінде.

Жазғы шинаны қысқыға ауыстыру жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Ауа температурасының төмендеуі мен жауын-шашын болған жағдайда жол бетінде көктайғақ болуы мүмкін. Соның салдарынан жазғы дөңгелектердің тежелу қабілеті нашарлап, жол-көлік оқиғалары орын алуы мүмкін.

«Күзде және қыста төтенше жағдайларды болдырмау үшін ҚР ТЖМ ауа-райының өзгеруі, метеорологиялық мәліметтерді, ауа-райының нашарлауы, жолдардың жабылуы туралы арнайы хабарламаларды үнемі қарап отыруды ұсынады. Дауылды ескертулер кезінде ұзақ сапарларға шықпағандарыңыз абзал», – деп ескертті министрлік.

Көбірек көрсету

Өзгеде жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close