Басты жаңалықтарҚоғамОблысӨзекті

Тағы екі жамбылдықтан коронавирус анықталды

2020 жылдың 2 сәуірінде Жамбыл облысы аумағында коронавирустық инфекцияны жұқтырудың екі жағдайы тіркелді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Жамбыл облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсізідігін бақылау департаментінің басшысы Берік Жарқынбеков мәлімдеді, – деп хабарлайды “Aulieatanews” Ақпараттық агенттігі

Оның ішінде бір жағдай Тараз қаласында, бір жағдай Жамбыл ауданында орын алған. Облыс орталығындағы науқас – 29 жастағы ер адам.  Алыс қашықтықтағы жүргізуші болып жұмыс істейтін азамат жақында Ресейден келген екен.

Ал Жамбыл ауданындағы коронавирус инфекциясын жұқтырған 41 жасар ер адам  Қызылорда-Петропавл бағытындағы 076 пойызда жолсерік болып жұмыс істейді екен. Өздеріңізге белгілі, 22 наурызда осы поезда індетке шалдыққан Түркістан облысының азаматы анықталған болатын.

Осылайша облыс бойынша коронавирустық инфекция жұқтырудың бес жағдайы расталып отыр. Бұған дейін коронавирус Қордай ауданында  46 жастағы ер азамат пен 24 жастағы әйелден, Шу ауданында 29 жастағы ер адамнан анықталған еді. Олардың бәрі көршілес Қырғызстаннан келген.

Берік Құзарұлының айтуынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес, бұл науқастардың бәрі уақытында карантиндік стационарға оқшауланып, оң зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша Жамбыл облыстық көп бейінді балалар ауруханасының жұқпалы аурулар стационарына жеткізілген. Арнайы іздестіру іс-шаралары барысында олармен  байланыста болған 76 адам анықталып, барлығы карантиндік стационарға оқшауланып, зертханалық тексеруден өткізілген. Олардың 61-і коронавирустық инфекцияға теріс нәтиже берсе, 15 материал әлі тексеріліп жатыр.

«Сонымен қатар Ұлттық сараптама орталығының филиалы науқастардың тұрғылықты және келген жерлері бойынша ошақтарда дезинфекциялық өңдеу жүргізді. Пациентті тасымалдау барысында көлікке және карантиндік стационар палатасына қорытынды дезинфекция жасалды. Медициналық қызметкерлер пациентке қызмет көрсету кезінде барлық жеке қорғану шараларын сақтады. Жағдай бақылауда», деді департамент басшысы.

Көбірек көрсету

Өзгеде жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close