АуданБасты жаңалықтарҚоғамОблысӨзектіСпорт

Тартысты өткен турнир

Жуырда Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы және аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Мойынқұм аудандық №19 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спорт кешенінде қазақ күресінен  Қазақстан Республикасының спорт шебері Рысманап Шаңлақбаевты еске алуға арналған 2003-2004 жылдары туылған жасөспірімдер арасында 1-Республикалық турнир өтті, – деп хабарлайды Aulieatanews» Ақпараттық агенттігі.

Аталған турнирдің мақсаты- жас ұрпақ арасында ұлттық спорт ойындарының, оның ішінде қазақ күресінің маңыздылыған насихаттау, өңірімізде спорттың бұқаралығын арттыру, ұлттық спорт түрі қазақ күресін республика көлемінде дамыту,  қазақ күресінің майталманы  атанған, спорт шебері, жерлесіміз  Р.Шаңлақбаевті әрдайым  еске алып жүру болды. Республикалық турнирдің шымылдығы Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылды. Бұдан кейін Мойынқұм ауданы әкімінің орынбасары Бақытжан Есеев, Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілі, облыстық қазақ күресінен аға жаттықтырушысы Ринат Дүйсенов,  осы турнирге үлкен үлес қосып, демеушілік көрсеткен спорт жанашыры Дүйсенғали Қыдырбаевтар сөз алып,  жасөспірім палуандарды Республикалық дәрежеде бірінші рет өткізіліп отырған турнирмен құттықтап,  сәттілік  тіледі. Лебіздер легінен кейін Р.Шаңлақбаевтың жұбайы Гүлзейнеп апай Рысманап ағамыз туралы тың деректер айтып, қазақ күресін жандарына серік еткен жас палуандарға спортта әрдайым жеңіс тіледі. Сонымен қатар Гүлзейнеп ханым Р.Шаңлақбаевты еске алып, турнир өткізіп жатқан аудан басшыларына  рахметін айтты.

Жарыс  8 салмақ дәрежесі бойынша өтті. Оған Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстары мен Алматы және Шымкент қалаларынан 200-ге жуық палуан қатысты. Жарыста бірі озып, бірі шаң қауып қалатыны белгілі. Қызықты да, тартысты өткен турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері Мойынқұм ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің арнайы диплом, медальдарымен марапатталды.

«Түйе палуан» күресіне 17 палуан қатысып, нәтижесінде 1-орынды Биназар ауылының палуаны Өрісбай Орманқұл, 2-орынды Тараз қаласының палуаны Диас Айтбек, 3-орынды Көкжелек ауылының палуаны Саян Сейтбекұлы иеленіп, ақшалай сыйлықтармен  марапатталды.

Көбірек көрсету

Өзгеде жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close