Басты жаңалықтарЕліміздеҚоғамОблысСаясат

Алға өрлеуге жол ашады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  Қазақстан халқына арнаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты  Жолдауымен танысып, жылдың басты жаңалығының бірегейі ретінде елімізді биікке көтерсе, жұртқа жағымдылығымен ерекшеленіп үлгерген осы құнды құжат жайында ой бөліскенді жөн санадым.

Жолдаудағы еліміздің алға өрлеуіне жол ашатын бағыт пен реформалар турасына келейік. Олардың бірегейі – қоғамдық келісімді нығайту, қазақ халқының мемлекет құраушы ұлт ретіндегі рөлін бекемдеп, этносаралық татулық пен дінаралық түсіністікті қалыптастыра беруімізге аса мән берілсе, қарқынды дамыған және инклюзивті экономика бойынша 2025 жылға қарай ішкі жалпы өнімнің жыл сайынғы тұрақты өсімін 5 пайызға және одан да жоғары деңгейге жеткізуге болатыны да Жолдау жолдарынан орын алған. Экономика демекші, шикізатқа байланған менталитеттен бас тартып, экономиканы әртараптандыру арқылы еңбек өнімділігінің нақты өсімін кем дегенде 1,7 есеге арттыруымыз керектігі де көңілге қонымды мәселе болып тұр. «Тиімді шағын және орта бизнес – қала мен ауылды дамытудың берік негізі» атты бөлім де осы саланы дамытуға ұйытқы болатын бірден бір алғышарт дер едім. Себебі, Жолдауда айтылғандай, шағын, әсіресе, микробизнес еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде маңызды рөл атқаратыны, сонымен қатар, ең алдымен, ауыл тұрғындарына тұрақты жұмыс беретіні бәрімізге белгілі. Осы ретте, Тұңғыш Президентіміз жаппай кәсіпкерлікті дамыту санаға сіңген патерналистік пиғыл мен масылдықтан арылуға мүмкіндік беретінін айтып өткені өте орынды.

Сондықтан, бизнесті қолдау мақсатында үкіметіміз Ұлттық қордан 100 млрд. теңге қаржы бөліп отыр екен.

Елбасы Жолдауындағы білім беру сапасын жақсарту, «Дипломмен – ауылға» бағдарламасының аясын кеңейту мен аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды қолдау мәселелері орынды көтерілгенін айтар едім. Қазіргі заманның ащы шындығы – терең білім берудің орнына диплом сатумен айналысқан университеттеріміз бар екенін де жасырмай айтқан Елбасы айтқан оларды ауыздықтау арқылы білім сапасын арттыру керектігін алға қойды, бұл өте құптарлық жайт.

Сонымен, алдағы даму үрдісімізге негіз болып, елімізді реформалаудың жаңа кезеңіне жол көрсеткен Елбасы Жолдауынан алған әсеріміз зор.

«Aulieatanews» Ақпараттық агенттігі

Көбірек көрсету

Өзгеде жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close