Басты жаңалықтарЕліміздеҚоғамОблысӨзектіСаясат

Тарихи нысандарды аралады

Жуырда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында Шу ауданының  «Жас өрендері» туристік өлкетану экспедициясы тарих пәнінің мұғалімі, этнограф, археолог, өлкетанушы  Данияр Жұмабековтың жетекшілігімен  Мойынқұм ауданының тарихи нысандарына экспедиция жасады, – деп хабарлайды «Aulieatanews» Ақпараттық агенттігі.

Жасөспірімдерді өлкенің бай тарихымен таныстырып, бойына отансүйгіштік қасиетін сіңіру мақсатында өткен шараға  Шу ауданындағы «Жамбыл», «Алға», «Мойынқұм» шағын орта мектептерінің оқушылары қатысты. Саяхатшылар алдымен өңірдің тарихи кешендері мен аудандық  мұражайына бас сұқты. Бұдан кейін Қ. Рысқұлбеков атындағы орта мектебіндегі және Ж.Қуанышбаев музейлерімен танысты. Мұражайға аялдаған олар Еңбек ері Ж.Қуанышбаевтың тұтынған заттары, жәдігерлерін өз көздерімен көріп, көңілдеріне түйді. Экскурсия барысында оларға өлкетану бойынша ауданымыздың мақтаныштары жайлы мағлұмат берілді. Сонымен қатар өлкетанушыларға күнделік жазу, тарихи нысандар суретін салу,  видеоролик жасау секілді қызықты жұмыстар тапсырылды. Музей қызметкерлері А.Таубазарова,  М.Қорғанбекова, М.Қанқожаева музейдегі 5 бөлімге кезекпен-кезек экскурсия жасады. Балалар музейді аралап, сұрақтарына жауап алған соң, өз топтарымен бірлесе отырып, жұмыстарына кірісті.

Өлкетанушы көрермендер  ауданымыздағы осындай киелі, тарихи жерлер  туралы көптеген мағлұматтар алып, ризашылықтарын білдірді. Тарих пәнінің мұғалімдері Меруерт Пірімбердиева мен Гүлбаршын Базарбаева музейіміздегі жәдігерлерге көңілдері толғандарын білдіріп, көрсетілген құрметке алғыстарын айтты.

Аталмыш экскурсия жөнінде өлкетанушы Данияр Жұмабеков: «Ұлы даланың өркениетін танып білу ұзақ мерзімді алады. Төл тарихымызды тереңірек зерттеп, байыбына бару басты мақсат. Бұл жағдайда жәдігерлерді жастарға тереңірек түсіндіріп, насихаттау аса маңызды. Бұл жөнінде Елбасымыз өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақалаларында баса мән беріп айтты. Бұл шараның негізгі мақсаты жас буынды өз өңірінің тарихын біліп, оны түсінуге және өз өлкелерін қастерлеуге шақыру» – деді.

Көбірек көрсету

Өзгеде жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close