Басты жаңалықтарЕліміздеҚоғамОблысӨзектіСаясатЭкономика

Тараздағы қоныс тойы

Бүгін Конституция күні мерекесі қарсаңында Тараздағы 15-шағын ауданда 80 пәтерлі  9 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді, – деп хабарлайды «Aulieatanews» Ақпараттық агенттігі.

Салтанатты шараға облыс әкімі Асқар Мырзахметов арнайы қатысты. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында берілген тұрғын үйлерге ие болғандардың басым көпшілігі көпбалалы және толық емес отбасылар.

Шарада сөз алған аймақ басшысы: «Баспана-қай уақытта да өзекті мәселелердің бірі. Қала халқының саны өсуімен тұрғын үйге деген сұраныс көлемі де жылдан-жылға арта түсуде. Тәуелсіздік жылдары елімізде Елбасының тапсырмасыменқазақстандықтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша үлкен жұмыстар атқарылды. Соның ішінде қалада жаңадан соғылып жатқан 15 шағын аудан орналасқан жер бірнеше жыл бұрын ашық дала болатын, ал қазір жаңа тұрғын үйлер бой көтерген шағын ауданға айналды. Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету жайы Елбасының жыл сайынғы Жолдаулары мен бастамаларынан тыс қалып көрген емес.  Осы орайда «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында ағымдағы жылы жалпы 17,6 миллиард теңгеге барлығы 30 көпқабатты (2 118 пәтерлі) тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, жыл соңына дейін 28 көпқабатты (1988 пәтерлі) тұрғын үйлерді пайдалануға беру көзделуде. Бұл күні барлығы 720 пәтер пайдалануға берілсе, оның 200-ге жуығы бағдарлама арқылы банктің тиісті шешімін алған. Яғни 200 дей отбасы қоныс тойын тойлағалы отыр. Қалғаны алдағы уақытта «Нұрлы жер», «7-20-25», «Бақытты отбасы» бағдарламалары арқылы берілетін болады.Осы орайда айта кетерлігі өңірдегі көпбалалы отбасыларын тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында 120 көпбалалы отбасыларына пәтер кілті табысталды. Оның 93-і арендалық үй, 27-і демеушілер есебінен. Жыл соңына дейін 493 көпбалалы отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарлануда. Сондай-ақ, тұрғын үй кезегі келгенге дейін көпбалалы отбасылардың тұрғын үй мәселесін уақытша шешу үшін 612 пәтерлі 12 жатақхана құрылысына тиісті қаражат қарастырылып, жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде. Осынау оңды істердің барлығы әлеуметтің әлеуетін арттыратын ауқымды шаралардың жарқын көрінісі», деп, қуаныш иелеріне пәтер кілттерін өз қолымен табыстады.

Көбірек көрсету

Өзгеде жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close