Басты жаңалықтарЕліміздеҚоғамОблысӨзекті

Төле би даңғылы неге жарықсыз түнеруде?

Тараз қаласының əкімі Қайрат Досаевтың назарына! 

27.07.2019
27.07.2019
27.07.2019

Жамбыл облысының орталығы – Тараз қаласының күннен-күнге өсіп-өркендеп жатқаны көңілге қуаныш сыйлайтын. Ежелгі де, жаңарған шаһардағы игілікті тірлікті көріп, облыс жəне қала басшылығының жұмысына көппен бірге қуанып жүруші едік… Бүгін Елордада бір аптадай болып, оралғанда күн батып, қас қарая салысымен түн мезгілінде жарқырап тұратын Төле би даңғылын қараңғылық басқанын көріп, көңіл шіркін құлазып кетті. “Үлкен бағаналардағы жарық біткеннің өшіп қалғанына бірнеше апта болды” дейді таксист жүргізушісі. Қала тұрғындары мен қонақтарының түннің бір уағына дейін қарасы басылмайтын Тұңғыш Президент саябағы мен “Баласағұн” мəдениет орталығының алды қараңғы болған соң, ары-бері жүрген адам да саябырсыған. Қаланы қақ жарып жатқан даңғылмен қазақ елінің оңтүстік өңірінен, тіпті əлемнің əр қиырынан келетін жолаушылар қара жолмен келсе де, көктен түссе де осы жолмен өтетінін ескерсек, түнгі жарықтың маңызы зор. Шежірелі шаһарға туристерді молынан тарту үшін де бұл даңғыл самаладай жарқырап тұруы тиіс…

“Aulieatanews” Ақпараттық Агенттігі

 

 

 

Көбірек көрсету

Өзгеде жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close